Қоғам

Ақылды қала тұжырымдамасы таныстырылды

Астана қаласының Нұра ауданында МИБ/ПИК өкілдерімен кездесу өтіп, ақылды қала тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды ⁹astana-akshamy.kz

Аудан әкімдігінде көппәтерлі үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Онда «Қазақтелеком» компаниясының ақылды қала тұжырымдамасы ұсынылды.

Smart City жобасы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қалалық шаруашылықты, тұрғын үй кешендерін және аудандарды басқаруға біріктіруге бағытталған. Мұндай цифрландыру көлік жүйелерін, сумен және энергиямен жабдықтауды, сондай – ақ қалалық мүлікті қоса алғанда, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға ықпал етеді, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

«Қазақтелеком» өкілдері атап өткендей, жоба жеке тұрғын үй кешені аясында да, бүкіл қала деңгейінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button