Ескі мекенжай маңдайшалары жаңартылуда
Астананың Сарыарқа ауданында ескірген мекенжай тақталарын заманауи аншлагтарға ауыстыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ағымдағы жылы 625 тақта ауыстырылып, жыл соңына дейін тағы 250 тақтаны жаңарту жоспарлануда.
Жаңа аншлагтар қазіргі заман талаптарына сай дайындалған: көше атауы қазақ тілінде жазылады, ал қажет болған жағдайда көше сөзі үш тілде жазылады: «көшесі», «улица», «street». Көше атауларындағы тарихи, дәстүрлі атаулар мен тұлғалардың есімдері басқа тілдерге аударылмайды, мемлекеттік тілде жазылады.
Егер сіздің үйіңіздегі мекенжай тақтасы зақымдалған немесе мүлдем жоқ болса, оны ауыстыруға өтініш беру үшін:
• 55-66-09 нөміріне (жұмыс күндері) қоңырау шалыңыз.
• Немесе аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріне жазыңыз.