Қоғам

«Тіл – тәуелсіздік тұғыры»

Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ана тілінің мәртебесін көтеріп, тәуелсіздік ұғымының рухани және мәдени мәнін тереңірек түсіндіруді мақсат еткен жиын ұлттық үлгідегі мәдени іс-шаралармен айшықталды.
«Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің орындауында көрерменге қазақ әуендері ұсынылды. Көрермен тәуелсіздіктің қасиетті құндылықтары туралы тебіреністі әндерді тыңдап, рухтанып отырды. «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында ақпараттық бейнесюжет көрсетілді.

Сондай-ақ келушілер қолына қыран бүркіт пен құмай тазы ұстаған батырлармен және садақшы қыздармен суретке түсіп, қазақ халқының бай мұрасымен танысты. Кеш соңында еліміздің тіл саясаты мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Оларға арнайы сертификат пен алғыс хат табысталды.

«Адамзаттың ең басты байлығы, қарым-қатынас құралы, ұлт мәдениетінің, тарихының, салт-дәстүрінің негізі, ұлттың болашағын қалыптастыратын негіз – тіл. Халқымыз үшін өз тілін сақтау – тәуелсіздігін және ұлттық бірегейлігін сақтау деген сөз. Қазақ тілінде сөйлесем, өзімді туған жеріме, мәдениетіме және халқымның тарихына жақын сезінемін. Сондықтан тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, рухани болмысымның бір бөлігі», – деді жиынға қатысушы Нұртай Алтайұлы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button