Қоғам

Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды

Астана Тұрақты даму жолында маңызды қадам жасап, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ISO 37120 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар – Қалалық қызметтер мен өмір сапасының көрсеткіштері» стандарты бойынша халықаралық сертификат алған алғашқы қала болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Silver» деңгейінде берілген бұл беделді сертификат Астананы тұрақты қала құрылысы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі деп санауға болатындығын растайды.

Сертификаттауды Дүниежүзілік қалалық деректер кеңесі (WCCD) – әлемдегі жалғыз қалалық сертификаттау органы жүргізді. Астана экономика, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, көлік және басқа да маңызды салаларды қоса алғанда, 19 негізгі саланы қамтитын 128 көрсеткіш бойынша мұқият бағалаудан өтті. Сарапшылар экономика, экология және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты бағыттарды жоғары бағалады, бұл ресурстарды басқару мен қала құрылысында тиімді шешімдерді сәтті енгізуді растайды.

ISO 37120 стандарты 2014 жылы жасалып, 2018 жылы жаңартылды. Қазір бүкіл әлем бойынша 140-тан астам мегаполис стандартқа сәйкес келеді, соның ішінде Лос-Анджелес, Лондон, Дубай Йоханнесбург, Варшава және басқалары. Енді Астана осы қоғамдастыққа ресми түрде қосылып, болашақ қала мәртебесіне тағы бір қадам жасады.

«Тұрақты қала» жаңа мәртебесі Астана үшін туризмді дамытуда, халықаралық инвестицияларды тартуда, әлемдік әріптестермен байланысты нығайтуда және инновациялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда үлкен перспективалар ашады. Бұл қадам Астананы келесі мақсатқа, яғни ISO 37122 «ақылды» қалалары үшін сертификатын алуға бір табан жақындатады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button