«Егемен Қазақстан» газетіне – 105 жыл!
Бүгін, 17 желтоқсанда, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Егемен Қазақстан» газетіне 105 жыл толды. 1919 жылы «Ұшқын» атауымен алғашқы нөмірі жарық көрген бұл басылым уақыт өте келе қазақ журналистикасының символына айналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Газеттің атаулары:
• 1921-1932 жж. – «Еңбекші Қазақ»
• 1932 жылдан бастап – «Социалды Қазақстан»
• 1937 жылдан бастап – «Социалистік Қазақстан»
• 1993 жылдан бастап – «Егемен Қазақстан».
105 жылдық тарихында газет әрдайым ұлттық мәселелерді көтеріп, қоғамдық сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Басылымда қазақтың көрнекті тұлғалары – Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды азаматтар қызмет етіп, оның мазмұны мен идеологиясын байытты.
Бүгінде «Егемен Қазақстан» еліміздің барлық өңірлерінде оқылады және жаңа технологиялар мен заман талабына сай ақпарат таратуда белсенді жұмыс істеп келеді.
Бір ғасырдан аса тарихы бар бұл газет – қазақ журналистикасындағы кәсібиліктің айқын көрінісі, заман талабына сай жаңашылдық пен ұлт руханиятына адал қызмет етудің жарқын үлгісі.