Мәслихат

Бюджет қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс

Елордада мәслихат депутаттарының қатысуымен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Жиында білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануына бөлінген жан басына шаққандағы қаржыландыруды және бюджет қаражатын іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Іс-шараға мәслихат депутаттары Мәулен Самамбетов, Асқар Смағұлов, қалалық Білім басқармасы басшының орынбасары Нариман Еламанов, астаналық білім беру мекемелерінің директорлары мен Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік сәйкестік аудиті Астана қаласының Білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, оның ішінде 5 орта білім беру (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, №28 мектеп-лицей, №37 мектеп-лицей, №84 мектеп-лицей) және 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (№22 бөбекжай-балабақша, №49 бөбекжай-балабақша) өткізілді.

Аудиториялық тексерістің қорытындысын Астана қаласының Тексеру комиссиясының мүшесі Сәбит Мұқанов таныстырды. Спикердің мәлімдеуінше, мемлекет педагогтардың мәртебесін көтеруге бағытталып жатқан шараларға қарамастан, бюджет және өзге де заңнамалардың бірқатар қайталанатын жүйелік бұзушылықтар, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктер анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 334 796,6 мың теңгені құрады. Оның ішінде 2021-2023 жылдар кезеңінде еңбекақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану нәтижесінде жалпы сомасы 58 097,0 мың теңгеге  шығын келген.  Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын бекіту кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптары сақталмаған,  осының салдарынан Білім басқармасы жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз штат кестесінде 4 мемлекеттік мекеменің басшылық құрамы мен бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларын (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, № 28 мектеп-лицей және № 84 мектеп-лицей) негізсіз бекіткен. Сондай-ақ оқытушылардың еңбекақысы 24 сағаттық жұмыс күнінен жалпы сомасы 271 494,3 мың теңгеге асыра көтерілген. Бюджет кодексін бұза отырып, Білім басқармасы №84 мектеп-лицейімен қосымша келісім жасап, негізсіз шешім қабылдаған. Нәтижесінде білім мекемесі қызметкерлеріне жалпы сомасы 68 133,4 мың теңгеге (№37 мектеп-лицей – 860,0 мың теңге, №84 мектеп-лицей – 67 273,4 мың теңге) лауазымдық жалақысынан асатын сыйақылар  негізсіз төленген.

Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов аудит қорытындысы бойынша белгіленген тапсырма мен ұсынымдар уақытылы орындалатынын айтты.

Ал комиссия төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев бюджеттің әрбір тиынын тиімді жұмсап, білім беру сапасын арттыратын бастамаларды сапалы атқаруды тапсырды.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button