Ел тынысы

Исламабадта «Жібек жолы» мәдениет орталығы ашылды

 Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі әйгілі өнер қайраткері, Пәкістанның ұлттық мұра және мәдениет жөніндегі бұрынғы министрі Джамаль Шах ұйымдастырған «Жібек жолы» мәдениет орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған іс-шара Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Рәсім барысында Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, өңір елдері арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда мәдени ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жоспарларға тоқталды.

Елші өз сөзінде «Жібек жолы» мәдениет орталығының ашылуы өңір мемлекеттері арасындағы мәдени және дипломатиялық қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын атап өтіп, Қазақстанның бұл бастаманы толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған көрмеде келушілер Қазақстан халқының бай мәдени мұрасы, әсем табиғаты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бейнеленген картиналар, кітаптар және фотосуреттермен танысуға мүмкіндік алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button