Қоғам
«Эйр Астана» Германияға жаңа бағыт ашады
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастапқазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет(сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы ФранкфуртқаАстана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуерейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік жәнемәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпалетеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.