Мәдениет

«S.O.S» – қоғам қасіретіне тосқауыл!

Астанада Музыкалық жас көрермен театрында 20, 21 желтоқсан күндері жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылады.

Мәдина Омарованың әңгімелері сиқырлы сазымен, нәзік иірімдерімен, ойлылығымен, мәтіннің ішкі әуезділігімен өзгеше екені белгілі. Жазушы осы шығармасында  әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті нашақорлық туралы айтады. Оң мен солын танымаған жасөспірім – өзіне лайық орта іздейді. Тағдыр тәлкегіне түсу әп-сәтте, адамзат тарихындағы қасіреттерді көбейтуші, зұлымдықтарды тудырушы – апиын, аздырушы ретінде жеріне жеткізе баяндайды.

– «Тұздың» дәмін алғаш татқызған кім? Кінәліні кім  табады? Білгіңіз келе ме? «S.O.S.» драмасы сіздің сұрағыңызға жауап береді. Келіңіз. Көріңіз, -дейді театрдың Баспасөз қызметі.

Қойылым тобында қоюшы режиссер – Мәдениет саласының үздігі, Аман Ғұмаров болса, костюмдер суретшісі – Айдана Еңгебай, жарық қою суретшісі – Ермек Мұхтарұлы, дыбыс режиссері – Асылжан Асқаров, режиссердің ассистенті  қызметін Еламан Иманбай атқарады.

Жастарға ой салатын кейіпкер  – Айбар рөлінде –  Бибол Байғараев, Абзал Арапов болса, Айбарша рөлін – Аружан Бағзат пен Арелана Амангельдиева сомдайды. Анасын – «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар мен Ақниет Замзат ойнаса, Диана рөлін – Мерейім Талғат пен Нарқыз Жанұзақова сомдайды. Досханды – Нұрдәулет Кеңшілік пен Ильяс Өтетілеу, Нұржас Садырбаев орындаса, Асанды – Қазыбек Есқара, Ислам Асылхан, Мақсат Қабдеш орындайды. Ержан рөлінде – Айдын Қожахмет, Мағжан Омар, Бейтаныс адамның бейнесін Мақсат Қабдеш сомдайды.

Театр – жаның тазаратын қасиетті мекен. Осы ретте өнер ошағы қоғам дертімен бірлесе күресуге шақырады. Келіңіздер, көріңіздер!

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button