Астанада Funny Sport ойындары өтеді
Елордада «Су әлемі» іс-шарасы ұйымдастырылып, онда су ататын ойыншықтан арнайы ойындар өткізіледі, деп хабарлайды
Іс-шара орталық саябақта 27 шілдеде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Өтетін орны: «Қазақстан күні» монументі (сағат), орталық саябақ. Айта кетейік, спорттық және ойын-сауық іс-шараларының марафоны 25 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Green Case ұйымдастырушыларының мынандай жоспарлары бар: аула ойындары, йога пикниктері, итпен жүгіру, стритбол турнирі, велосипед жарысы, арқанмен секіру турнирі, жас аналардың арбамен шеруі және Ботаникалық бақта құс ұяларын салу.
Осылайша:
– 27 шілдеде сағат 14:30-дан 16:30-ға дейін Орталық саябақта ашық ауада ойыншық тапаншадан су ату өткізіледі.
– 28 шілдеде триатлон саябағында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін funnystep-тің барлық стиліндегі би шайқасы өтеді, ол ең жақсы бишілердің басын қосады.
– 3 тамызда Жетісу саябағында аула ойындары өтеді.
– 4 тамызда Пирамидада кәсіби йога нұсқаушысының шеберлік сабағымен пикник ұйымдастырылады.
– 10 тамызда триатлон паркінде стритбол турнирі өтеді.
– 11 тамызда ЭКСПО-да арқанмен секіру турнирі өтеді.
– 17 тамызда DOGS марафоны өтеді – жағалауда итпен жүгіру.
– 18 тамызда HaileyBerry мектебінің жанындағы жағалауда DJ-мен велосипед жарысы өтеді.
– 24 тамызда Ботаникалық бақта аналар шеруі өтеді.
– 25 тамызда Ботаникалық бақта ересектер мен балалар «Астана – үлкен ортақ үй» іс-шарасы аясында құс ұясын салады. Барлық іс-шара елорданың белсенді өмір салтын ынталандыруға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған «Астана қозғалыста» бағдарламасы бойынша өтуде.