Елорда тынысы

Салауатты өмір салтын насихаттайтын жоба

Астанада салауатты өмір салтына насихаттайтын кезекті жоба басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Орталық саябақта ҚР 2019, 2020, 2021 жылғы чемпионы, Street Lifting 2019 Еуропа чемпионы және Street Workout 2019 халықаралық чемпионы Ибрагимов Имранның жетекшілігімен Street Workout бойынша ашық жаттығу өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы Жәмила Байдосованың айтуынша, 2 күн бұрын бастау алған іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Астана саябақтарындағы спорттық шаралар марафонының басты идеясы – спорт пен денсаулықты жақсарту мен насихаттауды қамтиды. «Астана қозғалыста» – бұл белсенді өмір салтын ынталандыруға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған бастама. Шаралар қоғамның түрлі мүдделері мен адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Сондықтан еліміздің әрбір тұрғыны өзіне сәйкес келетін спорт түрін таңдай алады, мысалы, иттермен бірге жүгіру, биден шеберлік сабақтары, стритбол турнирі, веложарыс»,– деді Жәмила Байдосова.

Ал Имран Ибрагимов мұндай спорттық іс-шараның жастар үшін маңызы зор екенін айтты. «Шын мәнінде бұл өте қызықты іс-шара. Сол себепті осында келген азаматтарға алғысым шексіз. Себебі біздің қаламыз бен еліміздің таза болуына байланысты ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңызы ерекше. Осы игі іс-шараның басы-қасында болған барша азаматқа алғысымды айтамын. Акцияға қатысқан әр азамат еліміздің ғана таза болуына емес, өзінің денсаулығының жақсы болуына атсалысты деп есептеуге болады», – деді ол. Айта кету керек, барлық іс-шаралар “Астана қозғалыста” бастамасы бойынша өтіп жатыр, ол белсенді өмір салтын ынталандыруға және Қазақстан астанасында спорттық мәдениетті дамытуға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button