Білім

Министр Саясат Нұрбек Астана қаласының тұрғындарымен кездесті 

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, ғылым мен жоғары білімнің дамуына бағытталған бастамаларды талқылады. Кездесу барысында «Келешек» бағдарламасының жүзеге асырылуы, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, ғалымдарды әлеуметтік қолдау және жатақхана мәселесі сияқты тақырыптар қозғалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Министр өз сөзінде Қазақстандағы ғылым, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы негізгі жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасады.

Министр кездесуге қатысушыларды тыңдап, маңызды мәселелерді белсенді талқылағаны үшін ризашылығын білдіріп, халықпен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуден кейін министр тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ғылым мен білімге қатысты сұрақтарға толық жауап берді. Барлық көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button