Қоғам

Әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды

Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен елорда азаматтарының әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов қазіргі уақытта тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде коммуналдық тұрғын үй қорынан 38 мыңнан астам адам тұратынын айтты. Жыл сайынғы кезектілік өсімі 4 мыңға жуық азаматты құрайды. Кезекте тұрғандар санының өсуінің негізгі факторы табиғи өсім есебінен де, көші-қон есебінен де елорда халқының өсуі болып табылады. Әнуар Саипов 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі үш жылдық кезең шеңберінде санаттар бойынша кезекте тұрғандардың санын ұсынды, сондай-ақ ол соңғы үш жылда тұрғын үйдің бөлінгені туралы хабарлады. Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты болғандықтан, Тұрғын үй басқармасы пәтер беруді Астана қаласының Құрылыс басқармасы салған немесе сатып алған объектілерде жүзеге асырады. Әнуар Саипов қазіргі уақытта 2023 жылдан күтілетін 2 171 пәтерді беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Құрылыс басқармасының басшысы Төлеген Құлышев қала халқының әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады. «Самұрық-Қазына» АҚ 1500 пәтер сатып алуға ақшалай қаражат бөлді, бүгінде барлық конкурстар өткізіліп, құрылыс компанияларымен шарттар жасалды. Бұдан басқа, ЖТК-да пәтерлер сатып алынды, сондай-ақ 322 пәтер РБ шеңберінде беруге дайындалуда, Құрылыс басқармасының балансына қабылдау сатысында 1050 пәтер, «Елорда құрылыс» ЖШС 2269 пәтер сатып алынды.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы, Құрылыс басқармасы, Тұрғын үй қоры объектілерінде «Астана қаласы халқының әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді талдау» сараптамалық-талдау іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында жекелеген кемшіліктер мен аяғына дейін істелмеген жұмыстар анықталды. Бюджет қаражаты мен бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты Басқарма толық көлемде көрсетпейтіні анықталды. Мәселен, бюджеттік бағдарламалар жобаларының қоғамдық тыңдаулары, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер, ағымдағы қызмет бойынша ақпарат, статистикалық деректерге қатысты ақпарат жоқ, осының салдарынан халықтың ақпаратқа қолжетімділігі бұзылады.

Депутат Ғабит Тәжімұратов «Шар – Құрылыс» ЖШС салған ЖТК тұрғындарының атынан сөз сөйледі, мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектерге арналған шақыру батырмасы жұмыс істемейтініне шағымданды.

Депутат Ләззат Оразбекова Тексеру комиссиясының баяндамасында бөлек есепке алудың жоқтығы туралы айтылғанын, бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу ма немесе аталған есеп бар, бірақ сайтта орналастырылмағанын нақтылауды сұрады.

Қоғам қайраткері Ардақ Отарбаев ұзақ құрылыстарға қатысты сөз сөйледі. Проблемалық мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіні белгілі. Бірақ бір ерекшелігі бар, оларда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жоқ. Қоғам қайраткері құрылысты қаржыландыратын және бақылауды жүзеге асыратын атқарушы билік өкілдеріне жүгінді. Қоғам қайраткерінің пікірінше, ЖСҚ әзірлеу кезеңінде де жобаға мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлардың енгізілуін бақылау қажет.

Депутат Азамат Айтқожин қаладағы инклюзивті балалар алаңдарының саны туралы сұрақ қойды. Депутаттар «Қазақстан» спорт сарайының, орталық саябақтың қалалық нысандарын аралау барысында барлық жерде инклюзивті балалар алаңдары, оның ішінде жаңа ЖТК болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов қасбеттердің, лифт қондырғыларының жай-күйіне, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасауға, кірме жолдарға, абаттандыруға және т.б. қатысты бірқатар ескертулерді айтты. Бұл проблемалық мәселелерді қысқа мерзімде жою қажет, орындалуын бақылау депутаттық корпусқа жүктеледі. Мәслихат төрағасы үй салу және тұрғын үйге мұқтаж жандарға кілттер беру жеткіліксіз болғандықтан, тәртіпті үнемі сақтап, ескертулерді жою қажет екенін атап өтті. Биыл мәслихат депутаттары ХӘОТ санаты үшін тұрғын үй салуға ақша бөлуді қолдады, бұл бағыт «AMANAT» партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында басым бағыт болып табылады.

Қоғамдық тыңдауды қорытындылай келе, Владислав Сергеев барлық нысандар бойынша егжей-тегжейлі кесте дайындауды ұсынды. Қалада өрт қаупі бар қасбеттер орын алуда. Бұл жеке отырыста нақты талқылануы керек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button