Jarqyn Bolashaq жобасының қорытындысы шығарылды
Астанада людомания мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған Jarqyn Bolashaq жобасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Jarqyn bolashaq жобасын «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы бастамашылық етті. Оның алаңында жастарға құмар ойындардың қаупі, алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік және жаңа технологияларды қолдана отырып, адамдарды алдау жағдайларының көбеюіне байланысты сақтық шаралары туралы дәрістер өткізілді. Сондай-ақ жас астаналықтар арасында белсенді уақыт өткізуді насихаттау үшін бірқатар спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
«Жоба 16 мен 24 жас аралығындағы 1000-ға жуық қатысушыны қамтыды. Барлығы 30 түрлі іс-шара өткізілді, соның ішінде спорттық ойындар мен белсенді демалыс. Жас астаналықтар бампербол, пейнтбол және боулинг бойынша қызықты матчтарға қатысты», – деп атап өтті «Астана жастары» ЖРО қызметкері Олжас Амангелді.
Jarqyn bolashaq жобасының соңғы іс-шарасы елордалық сервис және туризм колледжінде ұйымдастырылған тимбилдинг болды. Іс-шараға 100-ге жуық қалалық белсенді мен колледж студенттері қатысты. Олар ойындар мен эстафеталарда командаларға бөлініп бақ сынасты. Жеңімпаздар сыйлықтармен, сертификаттармен және кубоктармен марапатталды.
«Бірігу мен бір-біріміздің қолдауымыздың арқасында біздің команда жарыстың әр кезеңіндегі қиындықтарды оңай жеңді. Мұндай іс-шаралар жастар үшін көңілді және пайдалы уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік екеніне сенімдімін. Нашақорлыққа тап болғандардың дұрыс бағдарлары мен қолдауы біздің қоғамдағы лудоманияның ауқымын едәуір қысқарта алатынына сенімдімін», – деді жобаға қатысушылардың бірі.