Мәдениет

Караоке концертте ән салды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ерекше форматтағы «Ән салайық бәріміз» атты караоке концерті өтті.

Кештің басты ерекшелігі – көрермендер танымал әндерді орындаушылармен бірге шырқап, ұлттық және эстрадалық музыканың әлеміне саяхат жасады.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Ұлықпан Жолдасов, Арайлым Рахым, Мәдениет саласының үздігі Алтыншаш Мұқатаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Диана Май, Айдын Жұмабай, Әкімхан Мәженов, Құралай Мейрамбек, Парасат Отан өнер көрсетті.

Қазақ оркестрінің (көркемдік жетекшісі-бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов, дирижері – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов) сүйемелдеуімен халық әндері мен эстрадалық туындылар караоке форматында орындалып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button