Елорда тынысы

Жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Астананың Нұра ауданында жаңа қысқы қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Отбасы демалысына арналған жаңа орын «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені ауданында орналасқан. Онда мұз айдыны, сырғанақтар және басқа да қысқы ойын-сауық түрлері бар.

«BI Group компаниясы мен Нұра ауданының әкімдігі «Бухарест» саябағын ресми түрде ашты. Бұл – ауданда орналасқан алғашқы қысқы қалашық. Мұнда мұз айдыны, сыр­ғанақтар, көздің жауын алар жеті метрлік шырша бар. Саябақтың өзі жаңа жылдық стильде безендірілген. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке шақырамыз» деді BI Group өкілі, жоба жетекшісі Бауыржан Салықов.

Ұйымдастырушылар серуендеп келген жұртқа жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға ерекше көңіл бөлді. Келушілерді ертегі кейіпкерлері – Гринч, Грин Санта, Ақшақар, эльф­тер мен қояндар қарсы алады. Балалар үшін ерекше ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Әртіс­тер би және театр қойылымдарын орындады.

«Біз Нұра ауданының тұрғындары ретінде мұз айдыны, сырғанақ және мерекелік шыршасы бар жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылғанына қатты қуанып отырмыз. Қысқы ойын-сауық әсіресе балаларымызға ерекше әсер сыйлайды. Қазір жұрт таза ауада серуендегенді жақсы көреді. Осы іске ерекше көңіл бөлген аудан әкімдігіне алғысым шексіз. Енді серуендеу үшін алысқа барудың қажеті жоқ, жаңа қоғамдық кеңістік үйімізден бес минут жерде орналасқан» деді Айдана есімді аудан тұрғыны.

Мереке күндері астаналықтар отбасыларымен және достарымен бос уақытын көңілді өткізе алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button