Қоғам

Студенттер Астанада сыйлықтар шығаратын шағын зауыт әзірледі

ASTANA Polytechnic жоғары колледжінің студенттері Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар өндіру желісін әзірледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Колледж студенттері мехатроника және мобильді робототехника сияқты бағыттарды зерттеу үстінде. Оқу кезінде студенттер тұрақты негізде өндірістік желілерді әзірлеумен айналысады.

«Колледж базасында біз кез келген өндірісте жұмыс істей алатын мамандарды, яғни сүт бөтелкесін жасаудан бастап, көлік жасауға дейін мүмкіндігі болатын мамандарды оқытып шығарамыз. Студенттеріміз зауытта жұмыс істеуге дайындалып жүр. Алайда біз оқу орны болғандықтан, зауытты өзімізге орната алмаймыз, өйткені оның көлемі біздің колледж алаңынан 10 есе үлкен болуы мүмкін. Сондықтан біз өндіріс желілерінің нақты көшірмелерін кішірейтілген масштабта қолданамыз. Бұл оқу мақсаттары үшін пайдаланылатын нақты өндіріс», – деді Astana Polytechnic жоғары колледжі директорының Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Самир Керімов.

Жаңа жыл қарсаңында төрт адамнан тұратын студенттер тобына мерекелік тақырыпта өндірістік желі құру – жаңа жылдық сыйлықтар шығару міндеті қойылды. Колледж оқушылары миниатюралық автоматтандырылған желіні жинап, жаңа жылдық кейіпкерлермен креативті бейне түсірді.

Шағын зауыт құру үшін бір апта қажет болды. Бұл қондырғыны өндіру үшін студенттерге электрика, механика, пневматика және бағдарламалау туралы білім қажет болды.

Айта кетейік, өндірістік желіні әзірлеп жатқан студенттер мехатроникадан WorldSkills чемпионатының республикалық кезеңінің жеңімпаздары болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button