Қоғам

Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада пиротехникалық бұйымдардың сауда орындарын рейдтік тексеру басталды. Рейдтер пиротехниканың заңсыз саудасын болдырмау, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген ережелерді сақтау мақсатында 23 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азамат Әмен мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттері рейдтер ұйымдастырды. Рейдтер пиротехникалық өнімдер сатылатын базарларды, дүкендерді және сауда павильондарын қамтиды.

Жыл басынан бері Астанада барлығы 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 13,3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 11,8 млн теңге өндірілді.

«Біз елорда тұрғындарын пиротехниканы пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Бұл жағымсыз жағдайларды болдырмауға және мерекелік көңіл күйді сақтауға көмектеседі», – деді Азамат Әмен.

Пиротехниканы пайдалану кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін сарапшылар өнімдерді тек сертификаттары бар мамандандырылған дүкендерден сатып алуды, жарамдылық мерзімін тексеруді, ғимараттар мен ағаштардан кемінде 50 метр қашықтықта отшашуларды іске қосуды, оларды желді ауа райында пайдаланбауды ұсынады. Сарапшылар жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан зардап шеккендердің саны едәуір артқанын атап өтті. Тек 2023 жылы елордада пиротехникамен байланысты бірнеше ондаған жарақат пен өрт тіркелді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button