Білім

Бұқар жырау жырлары – ұрпаққа ұлағат

Жуырда №106 орта мектебі Әдістемелік орталығымен бірлесе отырып,   қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, әйгілі жырау, сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін,  «көмекей әулие» атанған, Абылай ханның ақылшы-биі Бұқар Қалқаманұлының туғанына 356 жыл   толуына  орай «Бұқар жырау жырлары – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында қалалық  ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті.

     МақсатыҰлы жырау Бұқар Қалқаманұлы шығармаларын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудағы педагогтердің тәжірибесін тарату, жырау мұрасын жандандырудағы еңбегін таныстыру, педагогтердің шығарашылық әлеуетін көтеру.

Конференцияның ашылу салтанаты «Абылайдың түсі және Бұхар жыраудың жоруы» сахналық қойылымымен, Бұхар жыраудың «Он бір тілек» шығармасымен және Құрманғазының күйі «Балбырауын»,  «Серпер» күйлерін  оқу ордасы  домбырашылар ансамблінің орындауымен басталды.

Іс-шарада Астана қаласы әкімдігінің №106 орта мектебінің  директоры Гүлсан Жаманқараева сөз алып, «Еңбек ардагері» медалінің  иегері, ардагер-ұстаз, Астана қаласы әкімдігіне қарасты Әдістемелік орталығының әдіскерлері Күнімбала Баяхметбаева, Ергазы Нуршековтің құттықтау тілектерін арнады.

Қалалық ғылыми-педагогикалық конференцияның пленарлық отырысына ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері Толқын Қабылша  модератор болды, жиын ерекше әсерлі өтті.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қорғанбек Болат «Бұқар жырау шығармашылығын семиоэстетикалық және геменевтикалық тұрғыда қарастыру мәселесі», А.Байтұрсынов  атындағы Қостанай университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық  «Бұқар жырау және халық аңсары», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ш. Айтматов Академиясының Академигі, ҚР Білім беру үздігі Анарбай Бұлдыбай «Жыраулық өнердің соңғы дүлдүлі – Бұқар жырау» , Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Перизат Кәріғұлқызының  «Бұқар жырау- бұқара жүрегінде»,

Қарағанды облысы, С. Торайғыров атындағы қазақ тірек мектебі, Бұқар жыраудың ұрпағы, тарих пәні мұғалімі  Қалиасқар Шыныбектегінің «Бұқар жыры-иман жолы», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  университеті, филология ғылымдарының кандидаты,  профессор Айтбай Жұмағұловтың «Бұқар жырау толғауларының тағылымы» баяндамалары танымдық тағылымы мол болды.

Конференцияның екінші секция бөлімінде   білім беру ұйымдарынан әр секцияға қатысқан педагогтер өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Сөз соңында   жыршы  Бұқар Қалқаманұлының шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытуда, жырау мұрасын, еңбегін таныстыруда педагогтердің ізденісін жалғастыру  және тәжірибесін тарату туралы ұсыныстар айтылды,   барлық қатысушылар іс-шараға оң бағасын беріп жатты. Жалпы конференция өз мақсатына жетті. Көптеген тың ақпараттар айтылды, ұсыныстар жасалды.

Кеш соңында мектеп директоры Гүлсан Кеңшілікқызы алыстан келген ғалымдарға, қонақтарға, ұйымдастырушылар қатарындағы  Әдістемелік орталығының музыка пәнінің әдіскері Закира Каракееваға, № 106 орта мектептің бейіндік оқыту орынбасары Құралай Еспаганбетоваға, іс-шараға атсалысқан әріптестеріне    ризашылығын білдірді.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button