Қоғам

Сарыарқа ауданында үй жануарлары бойынша рейдтік іс-шаралар өтті

Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, “Астана Ветсервис” ШЖҚ КМК учаскелік инспектормен бірлесіп, Сарыарқа ауданында үй жануарларының иелері арасында бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Чиптердің немесе вакцинацияны растайтын құжаттаманың жоқтығы анықталған жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР қолданыстағы кодексіне сәйкес айыппұл жазылды.

ӘҚБтК-нің 407-2-бабына сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар көзделген:

Жеке тұлғалар үшін: 10 АЕК × 3 692 теңге = 36 920 теңге.

Лауазымды тұлғалар үшін: 20 АЕК × 3 692 теңге = 73 840 теңге.

Іс-шара үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыруға және жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайтуға бағытталған.

“Барлық жануарлар иелерін заңнама нормаларын сақтауға, чиптеуді, вакцинациялауды және заңда көзделген өзге де міндетті іс-шараларды уақтылы жүргізуге шақырамыз. Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау олардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі, сондай-ақ қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып саналады”, – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button