Қоғам

Тоғызыншы сынып оқушысы каратэден жаттықтырады

Елорданың №76 лицейінің 9-сынып оқушысы Бекдияр Құдайберген өз мектебінің оқушыларын каратэден жаттықтыратын болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бекдияр жаттығуды “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында өткізеді. Оның өзі де каратэден айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: Азия чемпионатын екі рет, Қазақстан чемпионатын алты рет жеңіп алды, каратэден спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне үміткер. Келесі мақсат – әлем чемпионатын бағындыру.

“Мен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында спорттағы тәжірибеммен бөліскім келеді. Ерікті ретінде мен каратэден 4 және 5-сынып оқушыларын тегін жаттықтырамын”, – деді Бекдияр.

Оның негізгі мақсаты – белсенді өмір салты мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау. Ол үшін балалардың спортпен шұғылдануға және дене белсенділігін арттыруға мүмкіндігі болуы маңызды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button