Қоғам

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты жаңартылғын мәліметтер

 Бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190ar әуе кемесі апатты жағдай жариялап,  Ақтау әуежайына қонуға жағдай жасау  туралы ақпарат түсті. Қону  уақыты шамамен сағат 11:25 деп белгіленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алдын ала ақпарат бойынша бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған.

Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

Сағат 11: 30-да әуежайдан 3 километр жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты жоғары ранг бойынша ТЖД күштері мен құралдары қосымша жіберілді.

ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ведомстволардың өкілдері кірді.

Жалпы операцияға азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамынан 701 адам және 82 бірлік техника жұмылдырылуда.

Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша өрт оқшауланып, 12:05-те сөндірілді. Сағат 14:10-да 29 адам, оның ішінде 2 бала медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласынан санитарлық авиация борты Ақтауға жіберілді.

Сонымен қатар оқиға орнында үкіметтік комиссияның іс-қимылын үйлестіру үшін ТЖ министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов, ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және ТЖ жою департаментінің бастығы Ақтауға кетті.

Оқиға туралы өзекті ақпаратты алу үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді:

Астана қаласының командалық орталығында: 8-7172-55-96-21, 55-96-83.

Маңғыстау облысы ТЖД: 8-7292-31-90-91.

Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысы бойынша ақпарат одан әрі жаңартылатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button