Қоғам

Мәслихат депутаттары “Жансая” орталығына барды

Астана қалалық мәслихатының депутаттары елордадағы «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мерекелік шара барысында балаларға тәтті сыйлықтар табысталып, орталыққа теледидар сыйға берілді. «Жансая» орталығы психоневрологиялық патологиялары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта 209 қызметкер жұмыс істейді, ал қызмет алушылардың жалпы саны – 640 бала.
Басқа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан ерекшелігі – Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Жансая» орталығы арнайы әлеуметтік қызметтермен ғана шектелмей, жартылай стационарлық жағдайда да оңалту қызметтерін ұсынады. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында орталықта бес нұсқаушысы бар үш емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеті және бір бейімделген дене шынықтыру (АФК) кабинеті жұмыс істейді. Қалалық басшылық пен мәслихат депутаттары әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының дамуына ерекше мән беріп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button