Әлеумет

«Жансаядағы» мереке

Қалалық мәслихат депутаттары «Жансая» әлеу­меттік қызмет көрсету орталығына барып, ба­ла­ларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс-шара барысында балаларға тәтті сыйлықтар табысталып, орталыққа теледидар сыйға берілді. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Жансая» орталығы психоневрологиялық патологиялары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта 209 қызметкер жұмыс істейді, ал қызмет алушылардың жалпы саны – 640 бала.

Басқа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан ерекшелігі – Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Жансая» орталығы арнайы әлеуметтік қызметтермен ғана шектелмей, жартылай стационарлық жағдайда да оңалту қызметтерін ұсынады. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында орталықта бес нұсқаушысы бар үш емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеті және бір бейімделген дене шынықтыру (АФК) кабинеті жұмыс істейді. Қалалық басшылық пен мәслихат депутаттары әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының дамуына ерекше мән беріп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button