Қоғам

Өртті тоқтатқан мектеп оқушылары марапатталды

Астанадағы Алматы ауданының әкімі Рустем Тауекелов №51 мектеп мұғалімі Хугей Медин мен шәкірттері Мұратбек Елжан мен Хали Смайлға ерлігі мен қайсарлығы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елордадағы №51 мектептің дәлізінде өрт шықты. Алайда, мұғалім мен оқушылардың дер кезінде әрекет етуінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, оның одан әрі таралуына тосқауыл қойылды. Мектеп ұжымы мен оқушылардың бұл батылдығы ерекше құрметке лайық деп танылып, оларды аудан басшылығы марапаттады.
Ұстаз Хугей Медин, сондай-ақ оқушылар Мұратбек Елжан мен Хали Смайл аудан әкімінен алғыс хаттарға ие болды. “Ауданымызда осындай ержүрек және жанқияр жастардың өсіп келе жатқанын мақтан тұтамыз!”,- деді әкім өз сөзінде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button