Руханият

«Түлкілітаудың аспаны» оқырманға жол тартты

Кеше астананың төріндегі «Шаңырақ» мейрамханасында белгілі журналист, Әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші, ақпарат
саласының үздігі, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері Төлен Тілеубайдың 50 жас мерейтойына орай «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Оған академиг, мағжантанушы және абылайтанушы ғалым, Зарқын Тайшыбай, ақын, Куаныш Максутов, белгілі қаламгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, Мәжіліс депутаты, ақын, журналист Жанарбек Әшімжан, алаштанушы ғалым, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ, алаштанушы ғалым, медиа сарапшы, журналист Мейрамхан Жәпек және айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл сияқты зиялы қакым өкілдері мен қатар журналистің өмірдегі жанашыр жақындары қатысты.

Іс-шара барысында Төлен Зәрубайұлының «Түлкілітаудың аспаны» атты төртінші кітабының тұсауы кесіліп, қатысушы зиялы қауым өкілдері автордың ендігі шығармашылық жолына сәттілік тіледі.

Осыған дейін «Аласапыран Америка», «Тәуелсіздік – тұмарым», «Цифрлық
жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітаптардың
авторы атанған Төлен Тілеубайдың шын мәнінде қазақ журналистикасына қосқан үлесі зор.

Оның осы бір елу жастық белесіне дейін жеткен жетістіктерінің бәрі де қара қаламы мен қара терінің арқасы екендігін де жұрттың бәрі біледі.«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» дегендей шығармашылық адамының ең тәтті жемісі де, жетістігі мен жеңісі де шығарған кітабы екені ақиқат.

Сондықтан да 2003 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Журналистика»
аталымында Гран-при иегері және «Әдебиет» аталымы бойынша дипломант
атанып, бірқатар республикалық, халықаралық шығармашылық
байқаулардың жүлдегері болған Төлен Тілеубайдың әлі де халыққа бергенінен берері көп екендігіне сенімдіміз. Ал оқырманын өзінің ішкі терең иірімдерімен баурап, түрлі ойға жетелейтін «Түлкілітаудың аспаны» кітабының оқырмандары көп болуына тілектеспіз қашанда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button