Елорда тынысы

Елорданың бірінші автобус паркі 100 көлікпен толығады

Астанадағы № 1 автобус паркі күніне 400-450 мың жолаушыны тасымалдайды. Енді парк 100 көлікпен толығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Біздің паркте 1035 автобус бар, қыркүйекте тағы 100 автобус сатып алмақпыз. Күнделікті 750-800 автобус жолға шығып, 400-450 мың жолаушыны тасымалдаймыз. Былтырға қарағанда қоғамдық көлік жолаушыларының саны артып отыр. Келесі жылы тағы 300 шақты автобус алу жоспарда бар», — деді № 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов баспасөз туры барысында.

Сондай-ақ, автобус паркінің басшысы қоғамдық көлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

«Елордада автобус билетінің бағасы 2012 жылы 90 теңге болып белгіленді, содан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде жанар-жағармай құны өсті, ол кезде литрі 110 теңге болса, қазір дизель бағасы 300 теңге. Жүргізушілердің жалақысын көтердік, қазір ең төменгі жалақы 680-700 мың теңге аралығында, жоғарысы миллион теңгеден асып түседі. Автобустардың аралығын жиілеттік, бұрын жолаушылар кейбір автобустарды 20-25 минут күтсе, қазір аралық 15-12 минутқа дейін қысқарды. Келесі жылы 300 автобуспен толықсақ, 8-7 минутқа дейін қысқарту мүмкіндігіміз бар», — дейді ол. 

Айта кетсек, биыл № 1 автобус паркіне 50 жыл толды. Ол — 1974 жылы құрылған қаладағы ең алғашқы әрі ең үлкен автобус паркі.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button