Әлеумет
Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Жұмысшы мамандықтар жылының тағы бір жаңалығы Астана қаласында Ұлттық құзыреттер орталығын құру болмақ. Бұл орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді, заманауи кәсіби дағдыларды әзірлеп, өндіріске енгізуге ықпал етеді, — деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуына қарағанда мұндай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бұрыннан бар.
— Сонымен қатар, Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізіледі, — деді министр.