Қоғам

Жұмысшы мамандықтар насихатталады

Президент осы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы етіп жариялады. Мұндай бастама жұмысшы мамандықтарды қоғамда дәріптеу және сол арқылы еңбекқор әрі нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды мақсат етеді. Биыл Астанадағы мектептерде оқушыларға жұмысшы мамандықтар насихатталады. Бұл пікірді «Әкелер одағы» бірлестігі Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай айтты.

– «Әкелер одағы» бірлестігі Астана қалалық филиалы қалалық Білім басқармасымен бірлесіп көптеген іс-шара өткіземіз. Мәселен, былтыр елордалық мектептерде ата-­аналармен түрлі басқосу, форум, семинар ұйымдастырдық. «Әкелер одағы» бірлестігі атынан 10-11-сынып оқушылары арналған ашық сабақтар өткіздік, – деді төраға.

Осы жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Мұндағы мақсат – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

«2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы етіп жариялау – керемет жаңалық. Біз 2024 жылдың соңғы айында 100 мектептің 1000 оқушысы және әкесімен бірге қалада қар тазалап, арнайы челлендж жарияладық. Бұл арқылы оқушыларды еңбекке үйрету және қар күрейтін жұмысшылардың қызметін бағалауға бағыттау. Осылайшау ауыр жұмысты айналамыздағы жұмысшылардың істеп жүргенін өскелең ұрпаққа түсіндіру. Кейін олар өзінің ауласын, ортасын таза ұстауға үйренеді» деді Бекдайыр Нығметұлы.

Сондай-ақ «Әкелер одағы» бірлестігі Астана қалалық филиалы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп көптеген жобаны жүзеге асыруды бастап кеткен.

«Президенттің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде тәрбие бо­йынша көптеген жұмысты қолға алдық. «Оқушы, ұстаз, ата-ана» үштік одағының тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен, қаңтар айы тәртіпті сақтау, тәртіпті болу айы деп бекітілді. Бұл дегеніміз – құқық бұзушылық жасамау, қылмыс­тық оқиғаларға қатыспау, мемлекеттің азаматы ретінде заңды білу және т. б. Осы бағытта «Әкелер одағы» бірлестігі Астана қалалық филиалы ата-аналармен оқушыларға ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр» деді спикер.

Бекдайыр Нығметұлының айтуынша, оқушыларға жұмысшы мамандықтарды қоғамда дәріптеу бағытында бірқатар іс қолға алынған.

«Мектептерде оқушыларға әр сала мамандары жұмысының елге, қоғамға тигізіп жатқан пайдасы туралы пайдалы кеңесімен бөліседі. Мәселен, барлығы экономист не заңгер болуы мүмкін емес қой. Басқа салада да азаматтар еңбек етіп, ел экономикасына өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан біз «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекітілген жылда оқушыларға бұл кәсіп иелерінің жұмысын дәріптеп, еңбекқор, нағыз маман болып қалыптасу идеясын айтамыз және қажетті ақпараттармен бөлісеміз» деп сөзін түйіндеді Бекдайыр Күзембай.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button