Елорда тынысы
Триатлон саябағында апта сайын сауықтыру жаттығулары өткізіледі
Астанада апта сайын бейімделгіш дене шынықтыру бойынша сауықтыру жаттығулары және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арбамен баскетбол жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жаттығулар 30 мамырдан 1 қыркүйекке дейін «Арқар» көпірінің астындағы Триатлон саябағында тегін өткізіледі.
Жаттығу апта сайын, жұма күндері, сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін кәсіби жаттықтырушының сүйемелдеуімен өтеді. Жас шектеуі жоқ. Қосымша ақпарат: +7 776 000 60 20 Нариман Секен.