10 жастағы оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
10 жастағы қазақстандық оқушы Кәрім Дүйсеков оқушылар арасында өткен дүниежүзілік Олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Ол Natural Science санатында сайысқа түсіп, алтын медаль иеленді. Бұл туралы оқушының әкесі facebook желісінде хабарлады.
“Таңғажайып жаңалық! Қазіргі сәтте марапаттау рәсімі өтіп жатыр, мен ұлымның марапатын тікелей эфирде тамашалап тұрмын. Бұл – нағыз мақтанатын сәт.
Ұлым дүниежүзілік Олимпиаданың Natural Science санатында бірінші орынды жеңіп алып, алтын медаль иегері атанды. Жарысқа ондаған елдің өкілдері қатысты, ал Қазақстаннан 15 қатысушы барды. Ол үздіктердің арасынан өзінің ерекше дарынын, білімін және еңбекқорлығын көрсетіп, жеңіске жетті.
Бұл жай жеңіс емес, бұл – қазақстандық балалардың әлемдік деңгейде биіктерге жете алатынының дәлелі.
Қолдау білдіріп, жылы сөздер айтып, алға ұмтылуға мотивация бергендеріңіз үшін үлкен алғыс айтамын! Қазақстан Алға!” – деп жазды Талғат Дүйсеков.