Қазақстандықтар Қытай университеттерінде тегін оқи алады
Қытайдың жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығының айтуынша, Қазақстан студенттері үшін 44 грант бөлінген.
Қазақстан мен Қытай арасындағы 2003 жылғы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік стипендия бойынша оқуға 35 грант және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 9 білім грантын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:
бакалавриат;
магистратура;
докторантура.
Грантқа түскен студенттер мына мүмкіндіктерге ие болады:
бакалавриат бағдарламасы бойынша ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY (шамамен 181 мың теңге) , магистратурада – 3,000 CNY (шамамен 217 мың теңге), докторантурада – 3,500 CNY (шамамен 253 мың теңге);
медициналық сақтандырылады,
жатақханада тұрады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс.
Құжат 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 7 ақпанды қоса алғанда “Электрондық үкімет” (Egov.kz) порталы арқылы немесе “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ-ға қолма қол қабылданады. Құжатты онлайн тапсыру бойынша нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы өтіп таныса алады, – дейді ведомство.