Қоғам

Музыкалық тәрбиенің рөлі

Музыка – адам жанының тереңіне әсер етіп, сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше өнер. Ол тұлғаның қалыптасуына адам болмысының қайталанбас қырларын ашуына бірден бір себепші. Өнер арқылы адам тәрбиеленеді. Өнер рух береді және адамның ой-өрісін, сезімін білдіретін жарқын өнер туындылар жан дүниесінің эстетикалық жағына әсер етіп, эмоционалды әсер тудырып, тәрбиенің қайнар көзі мен құралына айналады.

Мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің рөлі өте маңызды, өйткені осы кездері адамның көркемдік бейімділігі, өзінің идеялары мен талғамын кеңінен дамуына негізі қаланады.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде өнерді ми жұмысына оң әсер ететінін дәлелдеген.  Оның ішінде, есте сақтау қабілетін жақсартуы, баланың тез сөйлеуі,  ырғақ сезімін дамытуы, т.б. Музыкалық аспаптарда ойнайтын балалардың алғашқыда  көп күш пен зейінді қажет еткен, дегенмен тәжірибенің арқасында жаңа әуендерді және олармен бірге басқа ақпаратты есте сақтау оңайырақ болады.

Музыкалық тәрбиенің мақсаты – музыкаға деген қызығушылықты, шығармашылық белсенділікті ояту. Шығармашылық адам – ​​ қиял, кез келген шешімдерді таба алатын, тіпті жаңалық ашатын жан. Тұлғаның қалыптасуы – бұл қоршаған әлемге, табиғатқа, еңбекке, басқа адамдарға және өзіне деген қарым-қатынастар жүйесінің жүйелі түрде өзгеруі мен күрделенуі.

Б.Момышұлы айтқандай «Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Өнердің қай жанрын алсақ та, ол  актерлық болсын, сазгерлік болсын, бәрінде бір тарих бар, ол өткен заманның тарихын қозғайды. Театр актерлық шеберлігі арқылы көрінісімен көрсетсе, ән арқылы сөзімен жеткізіп, әуен арқылы өзінің тарихын суреттейді.   Осы тарихтың барлығынан  адам рухани азық  алады. Сол арқылы қандай ел екенін, қандай жерде туғанын, ата бабаларымыз қандай қиыншылықтардан, жеңістерден, қуаныштардан өткенін, ата бабалар жерді қалай мұра етіп қалдырғанын біледі. Міне, осының бәрі – рухани азық.

Бала туғаннан бастап әлемнен келетін ақпаратты тез қабылдайды. Балаларды музыкалық өнерге бейімдеу адамгершілік және эстетикалық сезімдерін дамытуға, олардың көзқарастары мен рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Ал біздің қолымызда сол балаларға дұрыс бағыт бағдар беріп, оң жолын көрсетіп, білмегенін үйретіп, түсіндіріп жетелеу – үлкен жұмыс. Отбасында көрген тәрбиесінен муғалімнен алған тәрбиесі – екеуі екі бөлек дүние. Оның барлығы баланың бойына дариды. Алайда  өскенде баланың есінде қалады. Болашақта бала өмірінде сол үйренгенін өмірде қолданады.

Балалардың алдында болашақ мамандығын таңдау мәселесі күтіп тұрғаны мәлім. Ол бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың.

Ал музыкалық білім – бала тұлғасын қалыптастырудың құралы. Мысалы, сахнаға шығып өзін еркін ұстау, дұрыс сөйлеу, қысылмай еркін ойын жеткізе алатын болады. Осының бәрі балаға үлкен тәрбие мен мәдениеттің ең жоғарғы шыңы десе де болады. Сондықтан баланы өнерге құштар ету, уақытын бос кетірмей, музыка сабағынан дәріс алу қажет болып саналады. Осы орайда В.А.Сухомлинскийдің «Музыкалық білім – музыкант тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» деген сөзін еске түсіру орынды деп ойлаймын.

Құралай Қырықбаева

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button