Ел тынысы

Шетелдік БАҚ гастрономиялық дәстүрімізді дәріптеп жатыр

Қытайдың жетекші басылымдарының бірі «Sanlian Lifeweek Magazine» журналистері Қазақстанның ұлттық тағамдарына арналған арнайы шығарылым дайындауда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олар Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына ат басын бұрып, жергілікті қонақжайлылықпен және асханадағы ерекшеліктермен танысты.

Гастрономиялық саяхат Қытайдың түсірілім тобы үшін тек кәсіби экспедиция емес, сонымен қатар жаңашылдыққа толы болды. Оларды қазақ асүйінің байлығы мен алуан түрлігі, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы тәнті етті. «Sanlian Lifeweek Magazine» өкілдері ұлттық мейрамханалар мен шығыс базарларын аралап, интерьерді, атмосфераны, қызмет көрсету деңгейін және тағамдарды бағалауға ерекше назар аударды.

«Маған бесбармақ, қымыз және дәстүрлі тарымен және сүтпен шай қатты ұнайды. Қазақстанға келудің бірнеше себебі болды. Біріншіден, арнайы шығарылымның тақырыбы — Қытай үшін визасыз елдердің асханасы. Екіншіден, Қазақстан — біздің достық қарым-қатынастағы көршіміз. Бірақ біз бұл елдің асханасымен толық таныс емеспіз. Қазақстанның дәстүрлері тартымды және біз шынымен қонаққа келуге тырыстық», — деп бөлісті «Sanlian Lifeweek Magazine» журналының тілшісі Ливей Ву.
Қытайдың түсірілім тобының сапары ұлттық мәдениетімізді шетелде насихаттауға және гастрономиялық туризм кеңінен танымал бола бастаған көрші елден туристерді тартуға әсерін тигізеді.

«Қазақстан өзінің ұлттық асхана дәстүрлерін жаңғыртып, бірегей дәмі бар тағамдарды ұнататындарға арналған жаңа тартымды орынға айналып отыр. Шетелдік БАҚ пен блогерлер біздің асханамызға үлкен қызығушылық танытып, елімізге сапарларды ұйымдастыруда жиі көмек сұрайды. Гастрономиялық туризм — әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тоғыстыратын перспективалық бағыттардың бірі», — деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық археологтер ескі қорымнан сексеннен астам жылқының денесін қазып алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button