Ел тынысы

«Қазақ чемпиондары» комикс кітаптарының тұсаукесері өтті

Астана қаласы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов және ақын, жазушы, журналист Азамат Әбілқайырдың «Қазақ чемпиондары» атты балаларға арналған комикс кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл комикстер топтамасы спорт мектептеріне тегін таратылады.

Бес кітаптан тұратын комикс жанрындағы «Қазақ чемпиондары» еңбегі Париж-2024 Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арналған. Соның ішінде дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Назым Қызайбай мен Айбек Оралбай, палуан Демеу Жадыраев, гимнаст Нариман Құрбанов, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті Геннадий Головкин бар. Кітапта аталған спортшылардың балалық шағы, алғашқы додаларынан үлкен сайыстарға дейінгі кәсіби мансабы бала тіліне түсінікті тілде берілген. Комикс кітап шынайы оқиғаларға негізділген.

«Мақсатымыз, комикстер арқылы қазақ баласына ел намысын қорғап жүрген спортшылардың нағыз батыр екенін және сол батырлардың арамызда екенін көрсету. Әр үлкен арманның артында қажырлы еңбек тұрғанын түсіндіру. Бұл комикстер балалар әдебиетінде өзінің орнын табарына сенім артамыз» – деді кітап авторлары.

Іс-шараға Спорт қорының жетекшілері, спортшылар, әлем және олимпиада чемпиондары, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, журналистер мен медиа басшылары, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button