Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы беріле бастайды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы паспорттар мен жеке куәліктер беруге арналған пилоттық жоба туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
– Пилоттық жобамен Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады, – делінген баспасөз-релизде.