Әлеумет

Әлеуметтік қолдау аз емес

Астанада әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуды дамыту қаланың әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2024 жылы 193 мыңнан астам адам әлеуметтік төлемдермен және тегін қызметтермен қамтылды. Қолдау алушылар арасында 138 мыңнан астам зейнеткер, 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам, 34 248 көпбалалы отбасы, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 7 088 көпбалалы ана бар.

2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23,3 мың адам қамтылды, оның 13,7 мыңы – жастар. Жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасын іске асыру шеңберінде 67 634 жұмыс орны құрылды, оның 57 920-сы тұрақты, ал 9 714-і – уақытша. Былтыр 1 979 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс іздеу бойынша жүгінді. Жұмыспен қамту шараларымен 1 085 мүгедек адам қамтылды, оның 293-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ 21-і жастар практикасынан өтті, ал 7-еуі әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Сонымен қатар, 381 адам қоғамдық жұмыстарға, 49 адам «Күміс жас» бағдарламасы аясында, ал 18 адам кәсіпкерлік қызметті дамытуға грант алды.

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Биыл жұмыссыз азаматтар үшін жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылады. Үш қалалық бос орындар жәрмеңкесі мен 30 шағын жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ 3000 адамды қамтитын 9-11 сынып түлектерімен кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізілетін болады. «Еңбек жолы» және «Парыз» сияқты еңбек форумы мен конкурстарын, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және дамыту – Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басым міндеті. Қалада 36 000-нан астам мүгедек адам тұрады, оның 26 000-нан астамы – ересектер, 10 000-нан астамы – балалар. 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 37 мыңнан астам түрлі құралдар ұсынылды: протездік-ортопедиялық көмек, сурдологиялық көмек, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеу және т.б. 2024 жылы 7 761 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды. Бұл қызметтер 11 ведомстволық бағынысты мекемелерде көрсетіледі. Негізгі мекемелердің арасында:

1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
2. «Нұрлы жүрек» орталығы;
3. «Қамқор» орталығы;
4. «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы;
5. «Үміт» дағдарыс орталығы;
6. «Жансая» орталығы және т.б. бар.

Былтыр әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артты. Атап айтқанда, «Балам-ай» ҚҚ-жартылай стационарда 414 адам, «Erekshe analar» ҚҚ – жартылай стационарда 413 адам, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ – үйде 398 адам, «Орда» ҚБ (аутизмі бар балалар) – үйде 719 адам (18 жасқа дейін), 18 жастан асқан 11 адам. «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ – 593 адам үйде, 413 адам – жартылай стационарда. «Солнечный мир» ҚҚ- 136 адам. «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» ҚБ – жартылай стационарда – 357 адам. «Қорғау дағдарыс орталығы» – 410 адам.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдері күшіне енеді. Бұл процесті мұқтаж азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді етеді. АӘК есептеу кезінде өтініш берген айдың алдындағы тоқсандағы отбасы табысының барлық түрлері ескеріледі. Бұл жалақы, әлеу­меттік төлемдер, алимент және басқа да кірістер болуы мүмкін. АӘК сомасы ағымдағы тоқсанға тағайындалады және Астана қаласының аудандық әкімдіктері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындылары негізінде ай сайын төленеді. 2025 жылдан бастап бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК тағайындалған сомасына қосылатын 5 898 теңге (1,5 АЕК) мөлшерінде қосымша төлем енгізіледі. Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық аумағын қамтитын пилоттық жоба іске қосылуда. Жоба аясында азаматтар өздерінің банктік шоттары туралы деректерді ашық бағдарламалық интерфейстерді (Open API) пайдалана отырып, банкаралық ақпарат алмасу жүйесі арқылы жібере алады. Бұл көмек тағайындау процесін жылдамдатады. АӘК алдын ала есептеу үшін Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығына мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Бейбітшілік көшесі, 9, 137-кабинет. Жұмыс кестесі 09:00-ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс: 13:30-дан 14:30-ға дейін).

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button