Әлеумет

Халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан мен комиссия хатшысы Қарлығаш Сәркенова Қазақстандағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ирина Мангуле ханыммен және миссия басшысының орынбасары Дина Гулице ханыммен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесудің басты мақсаты – отбасын нығайту, гендерлік теңдікке қол жеткізу, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау.

Кездесуде қаралған негізгі мәселелер:

Отбасын қолдау және отбасылық құндылықтарды дәріптеудегі Латвия тәжірибесі. Әйелдерді бизнесте, саясатта және ғылымда қолдаудың тиімді тетіктері. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу: дағдарыс орталықтарының жұмысы, заңнамалық бастамалар және зардап шеккендерді қорғау. Гендерлік теңдік және стереотиптерді жою мәселелері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button