Елордалық оқушылар ел қоржынына 14 медаль салды
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Онда Астана қаласының оқушылары 14 медаль иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан зияткерлік сайыста, қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды. Соның ішінде Астана қаласының 8 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.
Алтын медаль:
1. Бексұлтан Сайлаубай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
2. Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
3. Әмір Қиғаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
4. Марғұлан Шарел – «Спектрум» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
5. Әмір Пішенбаев -«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
6. Артур Ким – «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
7. Владислав Посин – Халықаралық «Спектрум» мектебінің 12-сынып оқушысы;
8. Нұргүл Есенбергенова – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Күміс медаль:
1. Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. Темірлан Макишев – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3. Даниэль Түлебаев «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Қола медаль:
1. Мұхамедәлі Жұмаділ – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
2. Нұрмырза Байжанов – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3. Бейбарыс Мырзаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.