Елордада күн райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр
Елордада ұшу-қону жолағы ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
– Бүгін сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін Астана әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Ұшу-қону жолағын қардан тазалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуежай аумағында 10 арнайы техника жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қазір ұшатын 70 рейстің 6-ы кешіктіріліп, қонатын 68 рейстің 14-і де кешіктірілді. Оның себебі ауа райының қолайсыздығы мен аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты.
– Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты (www.nn-airport.kz) арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан: 8 (7172) 702-999 біле алады, – деп хабарлайды елорда әуежайы.
Қазгидрометтің ескертуінше, бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.