Қоғам

Депутаттар балабақшалардың жайымен танысты

Жұмыс жоспарына сәйкес Астана қалалық мәслихатының депутаттары елордадағы бірнеше мектепке дейінгі ұйымдарға барып, инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Алдымен ат басын бұрған №44 «Үркер» балабақшасында 250 бала тәрбиеленуде, 9 топ бар, оның ішінде ХӘОТ (СУСН) 62 бала, 4 бала инклюзия бойынша тәрбиеленіп жатыр. 1968 жылы салынған ескі ғимарат бүгінде тозып, қабырғаларында жарықтар (трещиналар) пайда болған. Ескі корпусқа толық жөндеу жүргізу қажеттілігі анықталды. Ал №6 «Көктем» балабақшасында 160 бала тәрбиеленуде, 7 топ бар. 1957 жылы салынған ескі ғимарат қабырғаларында жарықтар (трещиналар) байқалады. Ғимарат толық жаңартуды қажет етеді. Болашақта бұл балабақша орнына басқ құрылыс жоспарланған, бірақ оның мерзімі әлі белгісіз. Астана бас жоспары бойынша депутаттар алдағы отырыстарда нақты ақпарат береді.
№11 «Гауһар» балабақшасы 1957 жылы салынған ғимарат қазіргі СЭС талаптарына сай келмейді. Жобалық қуаты 95 балаға арналған. 4 топ бар, оның ішінде ХӘОТ (СУСН) бойынша 28 бала тәрбиеленуде. Ғимараттың ішкі жағдайы ескірген, техникалық жабдықтар ауыстыруды талап етеді. «№3 Арнайы мектеп» КММ-де  292 бала тәрбиеленуде. 1962-1963 жылдары салынған ғимарат балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қосымша жөндеуді талап етеді. Мектептің жылу жүйесін, терезелерін жаңарту, ғимараттың сыртына кей жерлеріне жөндеу қажет. №12 «Қарлығаш» балабақшасында 140 бала тәрбиеленуде, 6 топ бар, оның ішінде 6 бала инклюзия бойынша, ХӘОТ (СУСН) бойынша 36 бала тәрбиеленіп жатыр. 1964 жылы салынған бұл балабақшаның қазіргі жағдайы СЭС талаптарына сай емес. Ғимараттың жөндеу жұмыстары мен жаңа құрал-жабдықтар сатып қажет. “Балаларға жайлы жағдай жасап, жарқын болашағын қалыптастыру – біздің басты міндетіміз”, – дейді қалалық мәслихат депутаты Мәдина Әжкенова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button