Көктал-2 күл қоқыстан тазарды
Биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 4200-ден астам 14 пен – 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар қаламыздың құрылыс нысандарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осыған орай Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Көктал 2» шағын ауданында «Таза дүйсенбі» акциясы өтті. Акцияға 100 ден астам ерікті жастар қатысты. Мұндағы басты мақсат таза қала мәдениетін қалыптастыру екенін айтады ұйымдастырушылар. –Тазалық әр адамның өзінен және айналасын таза ұстаудан басталады. Осыған орай бүгінгі акция аясында жастармызбен бірге қала аумағын тазартып жатырмыз. Осылайша біз өзіміздің қалаға деген махаббатмызды тазалықпен көрсеткіміз келді. Астана біз үшін жайлы қала. Оның тазалығын, қауіпсіздігін сақтау әрбір тұрғынның парызы болуы керек,– дейді «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» төрағасының орынбасары Асылбек Абдурашитов.
Шапағат ӘБДІР