Жайлылық пен қауіпсіздік кепілі
Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Бұған Мемлекет басшысы үлкен мән беріп отыр. Сол себепті жыл өткен сайын Қазақстанның көлік-логистика саласы қарқынды даму үстінде. Елорда автопаркі жылда жаңарып, қаланың көлік жүйесінде оң өзгерістер орын алды, аялдамаларда автобустардың келу аралығы қысқарып, халықтың керекті нүктесіне жылдам жетуіне мүмкіндік артты. Автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандардың жайлы да қауіпсіз қозғалысына қажетті жағдай жасалуда.
Бұл саланы одан әрі жетілдіру қажеттігі белгілі. Біз депутаттық жұмыс барысында елорданың автобус парктерін жиі аралаймыз, олардың жағдайымен танысамыз. Мәслихаттың қолдауымен былтыр жаңа автобустар сатып алынды. Сонымен қатар Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына да бюджеттен қаржы бөлгіздіріп, елорда көшелерінде тасжол төселуіне, жөндеуге септік еттік. Атап айтқанда, былтыр қалада ұзындығы 60 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар бөлінген қаржы есебімен 300-ден астам көшенің шұңқырларын бүтіндеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. 70 көшеге бағдарлық жөндеу жұмыстары жасалды. 23 км ұзындықтағы 25 көшенің тротуары абаттандырылды.
Арсланбек Мағзұм,
Астана қалалық мәслихатының депутаты