Қоғам

«Таза Қазақстан»: қала тұрғындары онлайн чат-ботқа жиі жүгінеді

Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштерін қабылдау жалғасуда. Мұнда әрбір қала тұрғыны қаланы абаттандыруға қатысты мәселені қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1200-ден астам өтініш түсіп, оның мыңнан астамы орындалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Чат-бот іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 1293 өтініш қалдырса, оның 1129-ы орындалды, қалған бөлігі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түйткілді мәселелердің санаттары анықталып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.

Қыс мезгілінде қоңыраулар көбейеді, өйткені еріген қар суы салдарынан аялдамалар тұрақты тазалануы керек. Сонымен қатар, аялдамалардағы жылу жүйелерінің жұмысына байланысты өтініштер түсіп жатыр. Барлық ескерту уақтылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі.

«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындарға жылдам және ашық байланыс.

Тұрғындармен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button