Қоғам

Артур Ластаев әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астана әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мақсаты – қызмет алушыларды ұстау жағдайларын және құқықтарының сақталуын қадағалау.

«Шарапат» орталығында қарттар мен ерекше мұқтаж жандарға, сондай-ақ тұрақты күтімді қажет ететін жалғызбасты азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Орталықтың қызметі халықтың жекелеген санаттары үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекет кепілдік берген стационарлық әлеуметтік қызметтерге құқықты іске асыруға бағытталған.

Сапар барысында Артур Ластаев орталықты, оның ішінде тұрғын үй-жайларды, демалыс орындарын, тамақтану және емдеу бөлімдерін, карантиндік бөлмелерді, стоматологиялық кабинетті және т.б. аралады.

Мекеме аумағында 240 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 40-ы сыртқы бақылау камералары.

Артур Ластаев қызмет алушылармен жеке-жеке әңгімелесті, сонымен қатар орталық тұрғындарының бірін 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Омбудсмен олардан көрсетілетін қызметтердің сапасы мен құқықтарының сақталуы туралы пікірлерін сұрады.

Уәкіл мұндай мекемелерге тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін айтып, қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button