Әлеумет

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ іс-әрекеттерінде «Астана Арена» стадионын, «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Басқарма 2020 жылы жоғарыда аталған объектілерді сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізген. Тендер нәтижелері бойынша «Mtex management» ЖШС жеңімпаз деп танылып, онымен 15 жылға шарт жасалған.

Заңнамаға сәйкес, тендерді өткізу бәсекелестікті дамыту қағидаттарын сақтай отырып, барлық әлеуетті басқарушылар үшін қатысудың тең жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс. Алайда, аталмыш спорт кешендерін беруге тендер жарияланған кезде құжаттамада қатысушылар шеңберін шектейтін талаптар жазылған.

Осылайша, «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының бұзылуына әкелді.

Осыған байланысты БҚДА Астана қаласы бойынша департаменті «Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ атына бәсекелестік заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button