Қоғам
Мұғалімдер шаңғы теуіп жарысты
Астанада Нұра ауданындағы мектептердің 28 мұғалімі орталық саябақта шаңғы-роллер трассасында өткен шаңғы бойынша жарыстарға қатысты. Жүгіру қашықтығы 1 шақырымды құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қатысушылар мұндай іс-шаралар дене белсенділігін арттырып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтып, бәсекелестік рухын қолдайтынын атап өтті.
«Мұғалімдер ретінде бізге оқушыларға үлгі көрсетіп, спорттың денсаулық пен белсенді өмірге апаратын жол екенін көрсету маңызды. Мұндай іс — шаралар бізге қуат алуға, әріптестерімізбен сөйлесуге және, әрине, командалық рухты нығайтуға көмектеседі», – деп бөлісті турнир қатысушысы Гүлнар Ахметова.
Іс-шараны аудан әкімдігі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырып, «Астана – есірткісіз қала» акциясына орайластырды. Жарыстың негізгі мақсаты – астаналықтарды спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир жеңімпаздары медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.