«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!»

Астана қаласы №10 көпшілік кітапханасында «Мың мамандық бәрі бар,таңдап, талғап бірін ал!» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .
Дөңгелек үстелдің қонағы – қазақ елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегінің биік шыңына шыққан ұстаз Ақмола облысының Астана қаласындағы №2 «ДАРЫН» мамандандырылған дарынды балалар мектеп-лицей интернат басшысы, Астана қаласы «Аманат» партиясы жанындағы отбасы және халықтың әлеуметтік мәселелері кеңесінің мүшесі, «Дарын» 25 жылдығы медалінің иегері Рысжан Шамұратова.
Кешті өткізуге №42 орта мектебінің психолог маманы Ж.Қадыржанқызы, мектеп кітапханашы Б.Біралықызының мұрындық болды. Жиынға мектеп бітіруші түлектері қатысып, сыр-сұхбат жүргізілді.
Мектеп оқушылары үшін мамандық таңдаудың толғанысқа түсіретіні ойландыратыны аян. Осы орайда, Рысжан Шерниязқызы мектеп бітірушілердің қандай мамандық таңдауы керек, өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға жауап іздеген оқырмандарға мамандық таңдаудағы маңызды тақырыптарға жан-жақты тоқтала отырып:
«Басқа заманауи мамандықтармен бірге өзім мұғалім болған соң оқушыларға осы мамандық туралы басымдық білдірдім. Себебі, білім саласына мықты кадрлар ауадай қажет. Оқушылармен әңгіме барысында үлкен шабыт алдым , көздері жаутаңдап армандары тура ой қозғады.Әлі мамандығын таңдай қоймаған да балалар бар екен. Олар да өздеріне мотивация алды. 2 сағаттың қалай өткенін білмей қалдық. Өте қызықты болды», деген ойында білдірді.
Сонымен қатар қатысушылар кеш қонағының қазақтың қара домбырасымен орындаған әндерін де тамашалады. Бес саусағынан өнер тамған Рысжан Шерниязқызының өз қолымен ойған оюларына қол таңбасын қалдыра отырып оқырмандарға тарту етті. 2024 жылы «Ел құрметі» баспасынан шыққан «Арман-адамға қанат» атты алғашқы төл шығармасы жайлыда сөз қозғалып, «Мен таңдаған мамандық: Тәжірибе,жетістік» бөлімі де тілек тиек етілді. Аталмыш еңбегін дөңгелек үстел барысында белсенділік танытқан ұшқыр ойлы деген оқырмандарға және №10 көпшілік кітапханаға сыйлады.