Қоғам

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фронт-офис пен сарапшылар пулын құру жоспарлануда

Елордада отбасылық құндылықтарды дәріптейтін фронт-офис пен отбасылық қатынастар саласындағы сарапшылардың кәсіби пулын құру мәселесі талқыланды. Тиісті отырыс Ішкі саясат басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бастамасымен өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жүйелі көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға елордалық Әкелер одағы мен Аналар кеңесінің, облыстық сот орындаушылар палатасының, қоғамдық қорлардың, спорт саласының, ата-аналар қауымы мен зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиында айтылған негізгі ұсыныстардың бірі – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанынан фронт-офис құру. Іс-шараға қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, балаларға қауіпсіз орта құру, отбасыларды қолдау, алимент өндіруді жеңілдету, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы фронт-офистің міндеттерін талқылады.

«Әр үкіметтік емес ұйым өз саласындағы проблемаларды шеше отырып, өз жұмысын жергілікті орында өткізеді. Дегенмен, өзара іс-қимылдың біртұтас форматын құру қажеттілігі айқын. Комиссия консультативтік-кеңесші орган ретінде мүшелерінің шектеулі санына ие және барлық міндетті қамти алмайды. Дегенмен, заманауи сын-қатерлердің күрделілігі барлық мүдделі тараптың өзара үйлестірілген әрекетін талап етеді. Отырыста қоғамдағы келеңсіз факторлармен күресу бойынша күш-жігерді біріктіру, халықтың осал топтарын қолдау және әлеуметтік маңызы бар оқиғаларға әрекет етудің бірыңғай тетігін әзірлеу бойынша қадамдарды талқыладық», – деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан.

Кездесуге қатысушылар Астанада отбасылық қатынастар және отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы сарапшылардың кәсіби пулын құру қажет деп бірауыздан есептейді.
Пул жалған ақпаратқа қарсы тұруға, отбасылық құндылықтарды, тәрбиелік бастамаларды белсенді насихаттауға, әлеуметтік ортаны мониторингілеуге және талдауға бағытталатын болады.

«Заманауи сын-қатерлер жағдайында отбасы, білім және құндылықтарға қатысты ақпаратты тек білімі мен тәжірибесі дәлелденген кәсіпқойлар тарататын жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Сарапшылар пулын қалыптастыру отбасы институтын нығайту және қоғамды дамыту үшін сапалы және қауіпсіз орта құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Назгүл Мақжан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button