Қоғам

Өңірлік кеңеске дауыс беру аяқталды

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне үміткерлерге дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Жеңіс Тайшытаев сайлау үш күн бойы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізілгенін атап өтті.

44 кәсіпкерден тұратын іріктеу науқаны желтоқсан айында басталды. Былтыр 10-24 желтоқсан аралығында құжаттар қабылданып, үміткерлер тіркелді, ал 2025 жылдың 10-19 қаңтар аралығында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Негізгі дауыс беру кезеңі 20-22 қаңтар аралығында өтті.

Үміткерлер ретінде Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген салалық кеңестер мүшелері, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ассоциациялардың бірінші басшылары немесе ұжымдық орган мүшелері қатыса алды. Сайлау нәтижелері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайлау комиссиясы тарапынан қаралғаннан кейін жарияланады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button